Бөлім құрылымы

Бөлім басшысы: Нұрмаганбетов Серік Қалелұлы

1962 жылы Көкшетау облысы, Володар ауданы Галицино ауылында дүниеге келдi. 1994 жылы Көкшетау ауылшаруашылық институтының агрономия мамандығы бойынша бiтiрдi, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бiтiрдi.

Еңбек жолын 1980 жылы Көкшетау облысы Володар ауданында бастады, 1981-1983 жылдары Кеңес әскерiнiң қатарында қызмет еттi.

Көкшетау облысы Володар ауданындағы Дәуқара ауылындағы Қазақстан РКШО Комсомол комитетiнiң хатшысы болып жұмыс iстедi, көп жылдар бойы Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округiнiң әкiмi, СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның өндiрiсiнде, Ақмола облысының Көкшетау қаласында «Бейс-Нұр сервис» ЖШС бас инженерi болып қызмет атқарды.

Бөлiм басшысы лауазымына тағайындалғанға дейiн «Қарағанды облысының ауылшаруашылық басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң Астық нарығын реттеу және дәндi дақылдарды өсiру, жер шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарды.

Тайыншы ауданы әкiмiнiң өкiмiмен 2018 жылдың 25 мамырынан бастап Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалды.

Функционалдық мiндеттерi: бөлiм қызметтерiнiң тiкелей басшылығын жүзеге асырады, ауданның мемлекеттiк тұрғын үй қорын дамыту және сақтау, инженерлiк коммуникациялар, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерiн жетекшiлiк етедi, қайта жаңартудан, қайта құрылымнан, коммуналдық салаларды қайта жабдықтаудан, iшкi кенттердiң құрылысынан және iшкi аудандық коммуналдық желiлер мен құрылыстардан, жолдардан кейiн жұмыстарды жүргiзу және қабылдау тәртiптерiн әзiрлейдi.

Қызметтердiң негiзгi бағыттары:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй –коммуналыдқ шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттiк мекемесi тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, транспорт, коммуникациялар, жол желiлерiн пайдаланылуын жақсарту саласындағы басшылықты жүзеге асырады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналыдқ шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары» ММ

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 206 үй.
Интексi: 151000
Факс: 8 (71536) 2-17-49
Е-маiл
Сенiм телефоны: 8 (71536) 2-17-49

Азаматтарды қабылдау кесетсi

Мемлекеттік органның аталуы Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның тегі, аты-жөні Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау уақыты және күні Мемлекеттік органның орналасқан жері Байланыс телефоны
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналыдқ шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Нұрмаганбетов Серік Қалелұлы

Басшы

Бейсенбі
Сағат 16.00-18.00

Тайынша қ.Қазақстан Конституциясы көшесі, 206 8 (71536) 2-10-12

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналыдқ шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттiк мекемесi Тайынша ауданында тұрғын үй-коммуналыдқ шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру бойынша басқару функцияларын жүзеге асырады.

Мекеме өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, Президенттiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерiмен, Үкiмет қаулыларымен, ведомствалық нормативтi-құқықтық актiлерiмен, әкiмдiк қаулыларымен, аудан әкiмiнiң, облыс әкiмiнiң шешiмдерiмен және өкiмдерiмен басшылық етедi.

Мекеме коммерциялық емес ұйым болып табылады, заңды тұлға мәртебесi бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңба бейнесiмен және мемлекеттiк тiлде өз атауымен мөрi бар, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде белгiленген үлгiдегi мөртаңбасы мен бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық Комитетiнде шоты бар.

Бөлiм құрылымы

Басшы:

Бөлiм басшысы (T-R-1)

Бас маман 3 бiрлiк (Е-R-4)

Негiзгi мiндеттерi, функциялары мен мекеме құқықтары

1. Мекеме қызмет бағытына сәйкес келесi негiзгi мiндеттердi орындауды қамтамасыз етедi:

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
  • Мекеме құзыретi шегiнде жаңа экономикалық әдiстемелердi қабылдау жолымен тұрғын үй-коммуналдық, жол және транспорт субъектiлердiң қызметтерiн үйлестiредi.
  • Аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдарын дамытудың бекiтiлген бағдарламасын iске асырады;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары саласындағы iс жүзiндегi мемлекеттiк нормативтердi қолданудың және орындаудың дұрыстығы үшiн бақылау жүргiзедi;
  • Мемлекеттiк тұрғын үй саясатын жетiлдiру және iске асыру бойынша жұмысты үйлестiредi;
  • Ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттiк бағдарламасын, сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық қызметтердiң сапасын арттыруға, кеңейтуге, жолдың қамтамасыз етiлуiне, кәсiпорындардың өндiрiстiк әлеуетiн нығайтуға бағытталған мақсатты бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады.
  • Жолаушылар транспортын дамыту тұжырымдамасын, жолаушылардың еркiн нарығын және басқада қызметтердiң шартарын құруды әзiрлейдi.
  • Халыққа коммуналыдқ қызмет көрсетумен айналысатын, меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындарға мемлекеттiк қолдау көрсетуге көмектеседi.
  • Коммуналыдқ мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiнде орналасқан мемлекеттiк мүлiктердi сақтау және тағайындау бойынша пайдалану үшiн бақылауды жүзеге асырады;
  • Азаматтық қорғаныста және төтенше жағдайларда кәсiпорындардың iс-әрекеттерi бойынша құрылымдардың iс-шаралар және шаралар жүйелерiн әзiрлейдi және iске асырады.

2. Мекеме оған жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:

  • Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың актiлерiн әзiрлеуге қатысады және жолаушылар транспортының және автомобильдер жолдарының басымды бағыттарын дамыту, тұрғын үй саясатының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мәселелерi бойынша ұсыныстарын аудандық әкiмдiкке қарауға енгiзедi;
  • Салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асырылуын қамтамасыз етедi, мақсатты инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша мемлекеттiк органдардың, коммуналдық кәсiпорындардың, жол ұйымдарының, транспорт, энергетика және байланыс кәсiпорындарының қызметтерiн үйлестiредi;
  • Коммуналдық, жол шаруашылығындағы, транспорттағы және байланыстағы сметалық iс және баға белгiлеу саласындағы басшылықты қолдану үiшн әдiстемелiк бақылауды жүзеге асырады;
  • Ауданның мемлекеттiк тұрғын-үй қорының, коммуникацияның сақталуын, оларды күтiп — ұстау, пайдалану үшiн бақылауды ұйымдастырады;
  • Тұрғын үй қорын түгендеудi ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жеке санаттағы азаматтардың баспанамен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады, тұрғын үймен көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана беруге мұқтаждарға жеке есеп жүргiзедi;
  • Туысы жоқтарды жерлеу және жерлеу шараларын ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, елдi мекендерде көшелердi жарықтандырады;
  • Аумақта жеке тұрғын үй салуға инженерлiк инфрақұрылымдардың нысандарын пайдалануды және құрлысын қамтамасыз етедi және ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес ескi және апатты тұрғын үйлердi бұзу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  • Комманалдық тұрғын үй қорының үй құрылысының коммуналдық меншiгiнде орналасқан канализациялық, жылу және электр жүйелерiн, сумен жабдықтау нысандарын, тазалау, дренажды жүйелердi қайта жөндеу және құруды ұйымдастырады;
  • Жер телiмдерiнiң болуы туралы, олардың көлемi туралы, белгiленген жер салығының ставкасы жөнiнде ақпарат бередi, жеке үй құрылысын бөлу үшiн сақталған жер телiмдерiнiң санын, сонымен қатар елдi мекендердегi оларды беру кезектiлiгiн реттейдi;
  • Жеке үй құрылысы үшiн жер телiмдерiн берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • Жеке тұрғын үйлердiң құрылысы және пайдалануы, басқада жер телiмдерiн пайдалануы және салу қағидалары туралы азаматтарға ақпарат бередi;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жылжымайтын мүлiктi жеке меншiктi мемлекет пайдасына алу үшiн жер телiмдерiн сатып алу жолымен алуды жүргiзедi;
  • Iшкi аудандық, iшкi кенттiк қоғамдық жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырады;
  • Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтiп ұстауды және жөндеудi, қайта жөндеудi ұйымдастырады;
  • Ауданның транспорттық инфрақұрылымдарының нысандарын пайдалануды және құрылысын ұйымдастырады;
  • Коммналдық меншiкте, коммуналдық кәсiпорындарда орналасқан жолдарды басқарады;
  • Жеке үй салу аумағында транспорттық инфрақұрылымдардың нысандарын пайдалануды және құрылысын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • Аудан шегiнде жалпы пайдаланудың аудандық маңызы бар автомобильдер жолдарын дамыту бағдарламаларын және жоспарларды әзiрлейдi және таратады;
  • Төтенше жағдайлар пайда болған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдайды;
  • Күшi бар заңға қайшы келмейтiн, өз өкiлеттiгi шегiнде басқа функцияларды жүзеге асырады.

3. Мекеме құзыры шегiнде құқығы бар:

  • Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобильдер көлiгiнiң мәселелерi бойынша бұйрықтар шығаруға, шешiмдер қабылдауға.
  • Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобильдер көлiгi саласында нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк құжаттарды қабылдау мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге;
  • Мемлекеттiк органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпараттар сұратуға және алуға;
  • Мүлктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттерiн жүзеге асыруға және алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкес заңды және жеке тұлғалармен басқада заңды актiлер жасауға;
  • Нормативтiк-техникалық құжаттамаларды сақтау үшiн бақылау өткiзудi қамтамасыз етуге, қажеттi жағдайларда Қазақстан Республикасының белгiленген заңнамаларымен анықталған бұзушылықтар үшiн санкциялар қолдануға;
  • Белгiленген құжаттамаларды сақтамау және өз құзыретi саласындағы мемлекеттiк нормативтердi талап етуге, заңнамалардың бұзушылығын жоюға субъектiлерге ұйғарым беруге;

4. Мекеменiң қызметiн ұйымдастыру:

  • Мекеменi бастық басқарады (мекеменiң басшысы) Тайынша ауданының әкiмiмен тағайындалады және қызметтен босатылады;
  • Мекеменiң басшысы мемлекеттiк мекеменiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және уәкiлеттi органға тiкелей бағынады, мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттерi үшiн және оларға өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жауап бередi;
  • Мекеменiң басшысы дара басшылық принципiнде әрекет етедi және Қазақстан Республикасының заңымен белгiленетiн оның құзырына сәйкес мемлекеттiк мекеме қызметтерi мәселелерiн өз бетiнше шешедi.

2009 жылдың басында «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналыдқ шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ азаматтардан 106 өтiнiш келiп түстi, барлық өтiнiштер заңға сәйкес қаралды және тиiстi шешiмдер қабылданды және жауаптар берiлдi. Бөлiмге әртүрлi сипатта тұрғын үй мәселелерi бойынша, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электiрмен жабдықтау және канализациялық мәселелер бойынша өтiнiштер келiп түседi.

 

Мақаланы құрған күні 26.03.2018 12:32

Мақаланы жаңартқан күні 06.06.2018 09:21

Послание президента РКАкордаПремьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz